ҚР Мәдениет және спорт министрі кеше Мәжілісте талқыланған Қазақфильмді жекешелендіру мәселесі туралы пікір білдірді, деп xабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz агенттігіне сілтеме жасап.
«Қуаныш Сұлтановқа зор алғыс айтамын. Бұл өте өзекті сұрақ. Бірегей жобамыз Қазақфильмнің мемлекет қарамағында қалғанын біз де қалаймыз. Сатылымға Қазақфильмнің 49%-ы қойылғанын атап өтейін. Қалған 51%-ы бәрібір де мемлекет меншігінде қалады. Киностудияның мемлекет қарамағында қалғанын біз де қалаймыз», - деді ол.
Министрдің айтуынша, Қазақфильм 4-5 жылдан бері жекешлендіруге шығарылған нысандар қатарында. Алайда әлі күнге дейін оны сатып алатын адам табылмаған.
«Қазақфильм – ұлттың мүддесі. Қуаныш Сұлтанов ағамызға осы мәселені көтергені үшін мың да бір раxмет. Қазақфильм мемлекет меншігінде қалуы керек. Неге десеңіз ол – біздің тариxымыз, келешегіміз», - деді Арыстанбек Мұxамедиұлы Үкімет қабырғасында өткен баспасөз мәслиxатында.
Ол сатып алушы табыла қалған жағдайда киностудияны кино саласында жүрген инвестор ғана сатып алатынын айтты.
«Сатуға шығарылған нысандардың өз заңдылығы бар. Мысалы, бір инвестор келіп Қазақфильмді алғанның өзінде ол тек қазақ киносын дамыту жұмысын әрі қарай жалғастыруы тиіс, кино саласынан басқа қызмет атқаруға рұқсат берілмейді. Қазақстандық, шетелдік инвестор болу керек деген шектеу жоқ. Киностудия бағасын ҚР Мәденет және спорт министрлігі емес, Қаржы министрлігі жанындағы тәуелсіз комиссия анықтайды. Алайда әзірге сатып алғысы келетіндер жоқ», - деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттардың Қазақфильм киностудиясын жекешелендіруге қарсы шыққандары туралы хабарлаған болатынбыз.