09 там, 2019 сағат 17:17

«Қазақфильм» АҚ президенті Бақыт Қайырбеков қызметінен кетті

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті қызметінен кетті. Бұл туралы киностудияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін Бақыт Қайырбеков ұжымымен қоштасып, алдағы уақытта қай жерде жұмыс істейтінінің белгісіз екенін, шығармашылықпен айналысатынын жеткізді», - деді «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметінің өкілі Бауыржан Үсенов.

Бақыт Қайырбеков - ақын, режиссер, сценарист, 10 поэтикалық жинақтың және көптеген деректі фильмдердің авторы.

Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі. Ол «Білім және медениет» телеарнасының директоры болды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған мерекелік медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

«Қазақфильмнің» жаңа президентінің есімі әлі жария етілген жоқ.