«Қазақ газеттері» ЖШС мен «Жас өркен» ЖШС бірігетін болды. «Мемлекет мүлкі туралы» заңға сәйкес Премьер-министр Асқар МАМИН Қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды zhasalash.kz.
Үкімет басшысы қос ұжымды қосу жұмыстарын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне тапсырды.
«Қазақ газеттері» ЖШС-не Ана тілі, Tenge monitor, Уйғыр авази газеттері мен Мысль, Aqiqat және Urker журналдары қарайды. Басшысы - Шәмшидин Паттев.
«Жас өркен» ЖШС-не Ұлан, Ақ желкен, Балдырған, Дружные ребята сынды газет-журналдар қарайды. Оның директоры - Жүсіпбек Қорғасбек.