12-14 шілде күндері Будапеште дзюдодан өтетін әлемдік Гран-при турниріне қатысатын ел құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткендей, айтулы додаға 85 елден 600-ден астам спортшы қатысып, бақ сынамақшы. Ұлттық құрама сапында 16 дзюдошы ел намысын қорғайды.
Атап айтқанда, ерлер арасында мына балуандар татамиге шығады:
Елдос Сметов (-60 кг)
Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)
Елдос Жұмақанов (-66 кг)
Ерлан Серікжанов (-66 кг)
Жансай Смағұлов (-73 кг)
Ақылбек Серік (-73 кг)
Дидар Хамза (-81 кг)
Руслан Мусаев (-81 кг)
Ислам Бозбаев (-90 кг)
Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг)
Айбек Серікбаев (-100 кг)
Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)
Әйелдер: Анна Казюлина (-52 кг)
Севара Нишанбаева (-57 кг)
Ақниет Тұрдан (-63 кг)
Назгүл Маратова (+78 кг).