Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрайымы Лима Диас бүгін басталған «Қайырымды істер марафонының» негізгі бағыттары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қайырымды істер» марафоны аясында қандай қадамдар қамтылып отыр? Біріншіден, мемлекет пен бизнестің, еріктілердің әрі азаматтардың ынтымақтастығы мен серіктестігінің қолдауын білдіреді. «Қайырымды істер марафоны» жомарттық мен жақсылықтың идеясы негізіндегі қоғамды құруға ұмтылады. Марафонның тетігі меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және қарапайым азаматтар тап болатын басты мәселелерге жауап береді», - деді Лима Диас аталған марафонның ашылуына арналған жиында.
Оның айтуынша, «Қайырымды істер марафоны» көмек пен қолдаудың айқын құрылымын құруға негізделеді. Аталған марафонның ұйымдастыру комитеті әдістемелік, ақпараттық, түсіндіру және ұйымдастыру көмегін іске асырады. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ұйымдастыру комитеті қадамдарын үйлестіретін болады.
«Ұйымдастыру комитеті марафон ұранымен мемлекеттік органдар, корпоративті бизнес-сектор мен ҮЕҰ тарапынан бастама ретінде ұсынылатын барлық ақпарат пен іс-шараларды қамтитын болады. Осы орайда бірыңғай ақапарттық кеңістік қүрылады, онда түрлі санаттардағы (донор, қайырымдылық ұйымы, ерікті) марафон қатысушылары тіркеле алады», - деді Л. Диас.