30 қыр, 2020 сағат 14:27

Қайрат Сарыбай елші қызметінен босатылды

Қайрат Сарыбай Қазақстанның Австриядағы елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Шораұлы Сарыбай Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды», делінген Президент Жарлығында.