30 мау, 2020 сағат 07:03

«Қайрат» бапкері коронавирус жұқтырды ма? – Клуб ресми мәлімдеме жасады

«Қайрат» футбол клубы бас бапкер Алексей Шпилевскийге қатысты әлеуметтік желілерде шыққан ақпаратқа жауап берді, – деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Қайрат» ФК бас бапкері Алексей Шпилевскийдің коронавирусқа шалдыққаны туралы ақпарат тараған.

«Бұл жазбаларды есепке ала отырып, «Қайрат» футбол клубы ақпараттың шындыққа сай еместігін жариялайды. Алексей Шпилевский шын мәнінде 1 шілдеде Алматыда өтетін «Қайрат»-«Жетісу» кездесуіне қатыспайды. Бірақ оған себеп – матчтан ресми түрде шеттетілгені. «Қайрат» ФК тек ресми дереккөзге сенуге шақырады» делінген «Қайраттың» баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған дейін тағы бір Қазақстан чемпионатының қатысушысы – «Қайсар» басшылығы команданың 25 ойыншысы коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты жауап берген еді.