27 жел, 2016 сағат 09:31

Кай әулеті және Шыңғыс хан

Бұлыңғыр өткен өмір бұлдыраған,
Тұмандай түнереді тұнжыраған.
Тұтасқан көк мұнардың арасынан,
Жалт етіп көрінер ме мұңлы бабам.
Несіпбек Айтұлы

Генетик-ғалым Жақсылық Сәбитов өзінің жазған «Қыпшақ хандары әулеті» атты мақаласында Кай дегенді  маңғол атауының  түрікше көшірмесі  деген екен.  Анығында Кай, Кей дегеніміз арийлердің мифологиялық  патшалар әулеті болады.  Орыстар кеяниды деп атаса, біздер қият (кай+ут) деп білеміз.  Менің алдыңғы жазылған: «Қазақтар мен Шыңғыс ханның түбі арийлер», «Шыңғыс ханның таңбасының сыры ашылды» атты мақалаларымда бұл кеянид-қияттар жөнінде  тарихи және шежіре деректерінің негізінде  бірталай айтылған. Біз осыған тоқталып жатпаймыз, өйткені, ендігі әңгімеміз басқада болмақ. 

Біріншіден, Шыңғыс ханның Қият тайпасының төлі емес, яғни Кай әулетінің ұрпағы емес  екенін еске түсіре кетелік. Алдыңғы Қият пен бөржігін-қияттардың екеуінің екі бөлек қауым екендерін генетик ғалымдар да айтып отыр. Генетик-ғалым Жақсылық Сәбитов бұл жағдайды жақсы біледі.  Маңғол атауы болса, қият-бөржігін әулетінің тұсында тарихи сахнаға  шыққан. Атап айтқанда Шыңғыс ханның  бабасы  Қабыл қағанның тұсында «хамаг маңғол» деген атаумен. Шыңғыс ханның тоғызыншы бабасы Боданжардың нұрдан емес,  адайдан жаралғанының менің жазғандарымнан басқа да, көптеген дәлелдері бар. Мәселен, Рашиденнің айтқанында Шыңғыс хан өзіне көмек көрстетті деген баяуттарға (адайларға) «утэку» деген атақ берген. Утэку дегенді этнографтар «оток» деп таниды.  Орыстар утэкуды  «старейшина» деп аударады. («Сокровенное сказание». Милехин. А.В.). Осы утэку-отоктың  қазақшасының «ата» екенін  барлық шежіретанушылар біледі, әсіресе, Шоқанды оқығандар.  Демек, Шыңғыс хан баяут-адайларға  өзінің нақты тегіне қатысты  «ата ру» деген атақ берген. Осымен қатар Шыңғыс ханның ұлы Шағатайдың атын аудармашылар Цагадай деп береді. Меніңше, бұл Цагадай дегеніміз анығында Сақ+адай болса керек.  Қайрат Закирянов Шыңғыс ханның енді бір ұлының атын қиялдан Үкітай деп атайды.  Ал енді, «Мен-да Бей-лу» дерегін жазған түркі тілді Чжао Хун болса, Өдейдің айтылуының Адай болғанын айтқан екен. Бұл еңбекті аударған, қытай тілін жетік білген Н.Ц. Мункуев өз заманының белді қытайтанушысы болған.  Мункуев өзінің түсініктемелерінде былай дейді: «Одэй (А-дай, Odei) – третий сын Чингис хана (1186-02.12. 1241), будущий каган Огодэй (1229-1241). Форма А-дай (Odei –Oodei- Ogodei), употребляемеая нашим автором, очевидно, представляет собой отражение действительно существовашего произношения».

     Демек,  қытай тілін, иероглифтарын жетік білген Мункуев  Шыңғыс ханнан кейінгі императордың атын Адай деп оқыған.  Және де, Мункуев  бұл  Адайды Угедей деп атап кеткеннің Рашиден екенін айтады.  Осыдан кейін дәстүр бойынша, біздің жалған тарихымызды біздерге уағыздаған коммунистік ғалымдар осы атауды ғылыми айналымға енгізген.  Меніңше, Өгедейдің нақты атауы Ақ-адай болған.    Осымен қатар Чжао Хун Жошының атын Йоджи деп жазады. Мункуев болса: «Иоджи (Юе-чжи, Yoji) – старший сын Чингис хана.  В монгольском языке возможно чередование Y- и  J.  Поэтому Yoji у Чжао Хуна сотоветствует Joci и, очевидно, является одним из вариантов реального произношения имени старшего сына Чингис хана.  Осыдан біздер Шыңғыс ханның үлкен ұлына  Йоджи-юечжи, яғни  адайлардың құрысқан Юечжи-Кушан (адай-қыпшақ), яғни ең алғашқы казақтардың мемлекетінің атын бергенін ұғамыз.  Йоджи дегеніміз қытайлардың  Юечжиларды  Ятий, Яда деп атағандарына келіп тұр.  Бәлкім, Шыңғыс хан өзінің ұлын  Юечжи-Кушан мемлекетінің  қытайларша атауларымен  атаған   болар.  

Осыдан кейін,  Жебенің нақты аты Жорға-адайымыз тағы бар.  Милехиннің  «Құпия шежірені» аударғанында,  Қайрат Закирянов Сыпатай дей салған Сүбедейіміз де Субгэ-адай болып тұр.  Ал енді, осы Сүбедейді Сыбан дәу деп найманға тартқандар болған.  Бұл сөздің де жаны бар, егер де Найман хандығын құрысқандардың  бірінің  адайлар екендерін түсінсек.  «Сегіз-Оғыз» бірлестігін құрысқан тайпаның бірінің атауы Сұба еді. Бұл Сұба мен Ядырлар адайлардың бір бөлігі болса керек.  Найман мифологиясындағы  «шүрегей үйрек» аңызы  бұл Ядыр-Садырлардың адайларға қатыстарын айтып тұр.  Осыдан біз Сүбедей дегеніміздің Сұба-адай болуы мүмкін дейміз.  Географияға келетін болсақ, Сүбедейдің руы деген Ұранхайдың атауы, жер атауы ретінде  қазіргі қытай шекарасындағы наймандардың жерінде арғы беттегі Жеменей аймағымен шектеседі.  Демек, Ұранхайлар адайдың Жеменейлерімен бірге көшіп-қонып жүрген.  Ұранхай дегеніміз «ұрыңқай» яғни, ұрынғыш, тентек, соқтыққыш деген мағынаны беруі мүмкін.  Бұндай мінездеменің адайларға келетіні  хақ.  Әнуар Алимжанов пен Валентин Ян бұл маңда, яғни Шілікті алқабы мен Жеменейдің маңында Шыңғыс ханның ақырғы Ордасының тұрғанын айтқан еді.  (Верховья Иртыша). Ұранхай аймағы да осы маңда, Гоби шөліне қарай орналасқан.

Менің шежіретанушы болғандығымнан көптеген зерттеушілер тарихқа, шежіреге, және де, Шыңғыс ханның моласына қатысты маған хабар беріп, ақылдасып жатады.  Осы Ұранхай маңында жиырма шақты молалардың тұрғанын, бұл молаларды Қазақстанның бас археологына көрсетпекші болып жүргендерін айтқандар да бар.   Бұл молалардың суреттерінен мен ол жаққа бармай-ақ, бұл қорымның кезіндегі Юечжи-Кушан патшалығының Ядаларының молаларымен өте ұқсас екенін айтқан едім.  Бұл жердегі басты мәселе, қазіргі Күршім ауданының жерінде  қалған Қоңыраттардың молалары мен Адайлардың тастан қаланған молаларын айыра білуде жатыр. Айырмашылық бұлардың молаларының тастарында болады.  Қоңыраттардың молаларының тастары Домбауыл кешенінің тастарындай болса, Адайлардікі олардан үлкен, және де домалақтау, сопақтау  келеді.  Енді тылсым күштер жөнінде біраз сөзді айта кетелік.

Осыдан бірер жыл бұрын менің жазған «Мұзтау Шыңғыс ханның моласы» атты мақалам облыстық газетте жарық көрген еді. Және де, бұл мақала менің «Бөрі найман» атты кітәбіме де енген. Ол жерде мен Шыңғыс ханның моласын бір тапса, бойларына зор қасиет біткен Ұлы бақсының (кахин) табатынын айтқан болатынмын.  Мұзтаудың басында Шамбаланың, яғни қатарлас дүниенің бар екені белгілі. Міне, осы Шамбала арқылы Шыңғыс ханның моласын табудың жолы бар екенін менің кітәбімнен оқып алған, Сыбан Баянбай әулиенің жиен ұрпағы, әулиенің қорымының шырақшысы Амангелді бақсы дереу Ресейге барып Мұзтаудың басына шығып, Шамбаладан найманның Ұлы бақсысы болған Күшліктің аруағын көріп келген еді. «Шыңғыс ханды көре алмадым» дейді.  Аузында құраны, алдында намазы бар есі дұрыс адам, дәулетті, «джип» көлігімен мал бақтырады.  Аса таяғымен небір ауыр қарғыс, дұғаларды қайтарады.

Бұл Мұзтаудың басына мен алдыңғы мақаламда аты аталған, Тамғалы тастарды оқи алған  космоэнергетика прогрессоры Бибі Сандуғаш ханыммен бірге бармақшы болған едім. Алай да, жолға шығамыз деп жүргенімізде Бибі сұрапыл жол апатына ұшырап, қол-аяғы сынып, атқа міне алмайтындай болып қалған соң, осының себебін сезген мен бала кезімнен қызықтаған тақырыбым – Шыңғыс ханның моласын ұмытқан едім.  Әйтсе де, айтарым, тылсым күштерсіз оның моласын табу мүмкін емес, өйткені, абыз ру Адайлардың төлі Шыңғыс ханның өзі де Ұлы бақсы болған. 

Енді міне, жуықта менімен «Шыңғыс ханның моласын таптым» деген керей-жантекей, нағашыдан меркіт Серік Самарқанов деген азамат хабарласты.  Серіктің айтуынша оған Өгедей ханның рухы аян берген екен.  Шыңғыс ханның ақырғы Ордасы тұрған маңнан ол аян бойынша бірнеше қорық тапқан.  Ханның өзінің Шілікті мен Зайсанның маңында жатқанын айтады.  Осыдан кейін сексен километр жерде бір молаға жерленген әскерлердің қорығын тапқан. Осыдан кейін, жүз жиырма километр жерден, Жеменейдің тұсында  тағы да әскерлердің қорығын тапқан. Жергілікті халықтың көне-көз, кәрі-құлақтары бұл молалардың маңғолдардікі екендерін айтса, археологтар 13 ғасырдың молалары екенін айтқан екен. Серік әкімдерге хабар берген, ғарыштан қорымдардың фотосуретін алған. Алай да, бұны елеп жүрген ешкім жоқ. Серіктің айтуынша қорымдағы аруақтар қазақ тілінде сөйлейді  екен. Серік қазақтың батырларының тарихын бір кісідей-ақ білетін, «Керей Жәнібек батыр» қоғамдық қорының құрылтайшысы болады.  Менің бабам Көкжал Барақ пен Жәнібек батырлардың, жоңғарлардан бос қалған Іле бойына келген қырғыздардың  бетін қайтарғандары жөнінде  айтып берді.  Осы қорымдар жөнінде мен Серікке мынаны айттым: «Саған аян берген Өгедейдің өзі емес, оның аты Ақадай болған.  Демек, аянды саған абыз Адай беріп тұр.  Екіншіден, Қоңыраттардың таңбасына, яғни, «П» әрпіне ұқсаған қорымда Қоңыраттар жатыр.  Біздің елде Шыңғыс ханның моласын қоңыраттардың қорығандары айтылады. Бұл ханның моласы болса, онда,  осыдан кейінгі сексен километр жердегі қорым, оны жерлегендерді өлтіргеннен қалған. Осыдан жүз жиырма километр жердегі келесі қорым әлгілерді өлтіргендерді өлтіргеннен қалған.  Аңыздағы нұсқаға дәл келіп тұр».

     Қазіргі таңда Серік Самарқанов Қазақстанның бас археологын  күтуде. Енді, осы айтылғандардың ақ-қарасын орыстар айтатындай: «Вскрытие покажет!».  Бибі Сандуғашты бұл іске араластырғым келмейді.  Бұл жерде Шыңғыс хан жатсын-жатпасын, меніңше, осы қорымдардан біздер ақырғы Орданың сырын ашатын сияқтымыз.  Шілікті алқабында сақтардың патшаларының  қорымдары жатқаны белгілі.   Бәлкім, Шыңғыс хан Ұлы  бақсы болған соң, осыны біліп бұл маңда ақырғы Ордасын тіккен болар? Адайлардың арий-сақтардың ұрпақтары  екендері ешбір шүбә келтірмейді. Шілікті қазаншұңқыры жөнінде Асан қайғы бабамыз: «Әттең, төртінші есігің болғанда, жер жұмағы сен екенсің!» деген екен.  Бұл патшалардың алқабы, жер жұмағының маңында  Шыңғыс ханымыздың неге жатпасына? Өзінің Ұранхайлары, Жеменейлері, патшалық сақтары жатқан жерге неге жерленбеске?

    Мен айтқан әлгі Ұлы бақсымыз, әрине, Адай болады. Бәлкім, Бекет атаның өзі болар. Аты-жөнін ұмыттым, аты әлемге әйгілі америкалық бір көріпкел ханым: «Я иногда неправильно расшифровываю свои видения, поэтому иногда и ошибаюсь» деген еді.  Иә, біздер пенде болғандығымыздан олардың қабылдай алғандарын  көзімізге, құлағымызға қабылдай алмаймыз.  Алдыңғы жазғандарымда мен шежіреге қатысты ғана аяндар алатынымды айтқан едім.   Аян дегенміз интуиция, өте күшті сезім.  Оны түсіне білу керек.

     Алдыңғы мақаламызда біз  Жалайыр дегеннің таңба екенін, осы таңбаның астына жиылғандардың қаңлы, қыпшақ, тохарлар екендерін айтқан едік.  Ал енді, бұлардағы Жат тайпасы көне түркі тілінде джад (ай) болады.  Осымен қатар, адайлар қаңлыларға, тохарларға, қыпшақтарға жат, яғни массиві бөлек, бөтен тайпа.   Жалайырдың ішіндегі  бұлардың жат аталулары осыдан  болар.  Осымен қатар, орыстар аударғандарында Жамұқаның руын Жажыр-адай деп аударады.  Анығында бұл Жажыр-адай жаттан, яғни джад-джадайдан туған еді.  Меніңше,  сол замандарда сонау Юеяжи-Кушан патшалығы дәуірінен бері қияттармен қатарлас жүрген адайлардың атаулары жат болса керек.  Яғни, қияттарға жатпайды деген  мағынада.  Бұл атау осындай мағына түрінде  «Құпия шежіреге» енгендей.  Мәселен, сегіз-оғыз Найман бірлестігін құраған тайпалардың түбі кімдер? Әрине, Теле бірлестігінде болған қаңлы-қыпшақ, аде-адиз, яғни адай-таздар. Бұлар Қаңлы-найман, Төре-найман деп аталған  болған.  Осы сияқты бұрынғы Жалайыр бірлестігінде болғандар кімдер? Әрине, телегнит, яғни Теле+оңғы+уттар, Теле бірлестігінен келген қаңлы-қыпшақ, адайлар. Яғни, жат-джад дегеніміз осы адайлар болса керек.  Жаулап алған Қытайды бөтенге, әсіресе, кеянидке билетіп қою Шыңғыс хан үшін өте қауіпті іс еді.  Жат дегеніміз түрікше джад болғанда,  Мұқалымыз да адай болған сыңайлы.

    Алдыңғы тақырыбымызда айтылғандай Адайдың ұлы Шыңғыс хан аламандық құрғанында қияттардың атын жамылып кеткен.  Әлемдік тәртіп орнату үшін жаралған оның басқа шарасы болмады, өйткені, көшпенділерді бір тудың астына бағындыру үшін оған хан атағы керек  болды.  Соның үшін ол  кеянидтердің таңбасын алып, өзінің бөріжеген  әулетін нұрдан жаралды деп лақап таратуға мәжбүр болды.  Яғни, жалған патша әулетін құрды.  Сондықтан да оның әулеті дүниежүзілік монархтар әулеттерінің қатарына алынбаған.  Ал енді, «Шыңғыс ханға осындай қадам жасауға не түрткі болды?»  деген заңды сауал туады.  Оның мәнісі мынада.

    Шыңғыс ханның атасы Қабыл қағанның, өзінің жеті ұлы тұрғанда  басқа атаның баласы Әмбегейге хандық  тағын бере салғанының себебін  зерттеушілерден ешкім нақты айта алмаған.  «Сокровенное сказаниеге» түсініктеме жазған Милехин мен Ярославцевтер, парсы, қытай деректерін зерттеп, Қабыл қағанның қытайдың Алтан ханымен  қырғи-қабақ болғанын айтады.  Осыны айта келе олар,  Қабыл қағанның қартайған шағында  өзінің ұлдарынан хан сайланса, Алтан ханның қаһарына ұшырайды деп, Әмбегейге тақты ұсынған екен-мыс дейді.  Анығында, Қабыл қаған да өзін заңсыз түрде   хан атаған.  «Цза-цзи» атты қытай дерегінде 12-ші ғасырдың бірінші жартысындағы, яғни Қабыл қағанның заманындағы оқиғалар баяндалып, маңғолдардың ханы жөнінде: «Их влдадетель (Қабыл қаған. Қ.З.) также незаконно назывался «первым августейшим императором-родноначальником» деп айтылады.  Міне, осы заңсыздыққа  кеянидтер қарсы болған соң, Қабыл қаған өзінің заңсыз тағын Шара-Қайлықтың ұрпағы кеянид Әмбегейге ұсынған болса керек.  Шарахай линху деп аталған бұл  адам Кай әулетінің ұрпағы болып,  бөржігіндерге жазылып кеткен.  Оның ұрпақтарының тайшыут, яғни «қанынан ханзада» әулеті деп аталғандары осыны дәлелдеп тұр.  Орыстар таушыут дегенді «принц по крови», «наследник престола» деп аударады.  Осымен қатар, Мункуев осы Шара-Қайлықтың енді бір ұрпақтары - Бесуттардың  бөржігін-нирундарға   шеттен келгендерін айтады.  Бұлардың шеттен келгендерін «Құпия шежіреден» де ұғуға болады.  Онда Шыңғыс ханның қойын  Бесут тайпасынан  Дегей (Екей?) қойшының баққаны жөнінде айтылады.   Ал енді, сол заманның, және де Қазақ хандығының тұсындағы дәстүр бойынша,  өзінің қойын өзі баққанның масқара іс болғаны белгілі.  Қазақтар бойжеткен қыздарына: «Қойшыға ұзатып жіберемін!» деп ұрысқандарында, қыздары масқарадан қашып асылып өлгенге дейін баратын болған.   Н. Ц. Мункуев өзінің түсініктемесінде: «...видно, что Дэгэй-хоничи не причисляется к знатным, уважаемым людям.  ...Хотя, братья  принадлежали к племени бесут, для монголов Чингис хана они являлись людьми пришлыми.  Во времена Чингис хана, как и позднее, пасти своих овец считалось заниятием, недостойным мужчины.  Дэгэй  взявшиися за это «презреное дело», стал навсегда «овечьим пастухом Дэгэем» деп жазады.  Шыңғыс ханның ұрпақтарының идеологтарының, Қазақ хандығына соңынан келіп (шеттен) қосылып, қазақ халқының екінші бұтағын құрайтын Ұлы жүз жөнінде: «қауға бер де малға қой» дегендері де осыны дәлелдеп тұр.  Кауғаның қойды айдайтын құрал екені белгілі.  Осыдан біздер, Шара-Қайлық әулетінің ,тайшыуттардың, бесуттардың, Әмбегейдің  түбінің бөржігіндерге сіңген Каилар екендерін түсінеміз.  Яғни, олардың қанынан ханзада, тақ мұрагерлері  кеянидтер болғандары.  (принц по крови, наследник престола).

    Міне, осы жәйді Шыңғыс хан жақсы білген.  Қанынан ханзада болмаған соң, атасы хандықтан   бас  тартқанда, оның ұрпағы Темужиннің құрған хандығы легитивті болмас еді. Шыңғыс хан билікті алғанда оның қарсыластырының  бесуттар, тайшыуттар, жырхындар болғандары белгілі.  Жырхындар да, бөржігіндерге жазылып кеткен таза қияттар еді.  Сондықтан да шежіреде Тайшыдан тарап тұр.  Жырхындарды журхи деп те атайды.  Яғни жарғы, әмір деген сөзді білдіреді.  Найман хандары осы Қият-жырхындардан шыққан.   «Шыңғыс хан Қият емес» деген әңгімеміз осымен тәмәм болды.  Бұл жөнінде бүге-шігесіне дейін білгілеріңіз келсе, «Қазақтар мен Шыңғыс ханның түбі арийлер» деген мақаламды оқырсыздар. (Ұлт порталы).  Енді, қазақтың арасында сақталып қалған, кейін, Қыпшақ хандары әулеті деп аталып кеткен  кеянидтер жөнінде сөз қозғап,  елбасымызды Шыңғыс ханның ұрпағына жапсырып жүрген жағымпаздардың масқарасын шығаралық.  

    «Осы қазақ Ескендірді біле ме?» дегендей,  жоғарғы Бесуттың,  яғни бөржігіндерге сіңген Каийлық бес от әулетінің бүгінгі бес шам Шапырашты екендерін айталық.  Шапырашты тайпасының түбінің Қаңлылар (каилар)  екендерін  бұрынғылар да айтқан еді.   Ұрпақтан ұрпаққа айтылып келе жатқан шежіре деректері біздерге тіпті, сонау матриархат дәуірінен келе жатқанын ғалымдар да айтады.  Яғни,  сол  замандағы қыздан тарату салты қазақтың шежіресінде сақталып қалған.  «Шапыраштының шешесі Қоңыраттың қызы еді» дегеннен біздер бұлардың түбінің де, Ергене қоңдықтар (Ферғана қаңлылары) екендерін түсінеміз.  Ал енді, Қоңырат дегеніміз анығында  қыйдандар атаған Қанғ+арат, яғни қаңлы халқы болады.  Мифологиялық «Сары бәйбіше» бұлардың сары (арийлік бет-әлпет) қаңлы екендерін айтып тұр.  Шапыраштының Ай таңбасы Есқожанікі (Алтынай), тең қабырғалы үшбұрышты таңбасы Ергене қоңның символы, үшінші таңбасы найманның Бағаналы тайпасының таңбасындай.  Бұл таңба Домбауыл мергеннің «нысана» таңбасы болады.  Яғни, біздер «баған» деп атап кеткен таңбамыз кеняидтерді білдіріп тұр, өйткені, бұл таңбаның иесі болған Домбауыл мерген таза Қият еді. Бұл жердегі Қият дегенді кеянид деп ұққанымыз жөн болады.

   Юечжи-Кушан патшаларының алтын теңгелерінде қолында ноқта ұстаған, екінші қолында үш аша жалайыр таңба, артында арийлердің қасиетті малы бұқа, яғни Өкіреш тұрған патшаның бейнесі салынған.  Түбіне аттың жалы байланған бұл айыр таңбаны қазіргі халха-маңғолдар өздерінің теңгелеріне басып алыпты.  Осыдан біздер, алдыңғы мақаламызда айтылғандай қазақ шежірелеріндегі «Ноқта ағасы», «Өкіреш», «ноқта таңба», «Сиыршы», «Қойшы» дегендердің патшалар әулетін білдіріп тұрғандарын түсінеміз. Алай да, Шыңғыс хан әулетінің идеологтары бұл тектілерді шежіре деректерінде құл-құтандарға айналдырып жіберген. Кіші жүздегі Табындар да (табын – бес), Бесуттар болады. Бұлардың «Ноқта ағасы» деген атақтарымен қоса «ноқта таңбасы», патшалардың жалайыр таңбасы бар.  Демек, кешегі Бесут, бүгінгі Табын, Шапырашты тайпалары  тектілердің тектісі, Кей атты патшалар әулетінің ұрпақтары болып келеді.  Абыз ақындар – Сүйінбай мен Жамбылдың осылардан шыққандары да, бұлардың түбінің Кави-кейлер екендерін аңғартады. Арийлердің Кави дегенінің абыз-ақын екені  белгілі.  Кей, Кай атауы осы Кавиден болған.

   Шежіреде  Шапырашты Есқожа Қойшыманнан тарайды.  Бұл жердегі «ман» жалғауы «атарман»,  «шабарман» дегендегі сияқты түбірдің маңызын білдіріп тұр.  Яғни «қойшыман» дегеніміз жетпіс жеті атасында қойшы дегенді білдіреді. Есқожадан тарайтын елбасымыздың өзі: «Мен қойшының баласымын, немересімін, шөбересімін» дейді.  Жоғарғы таратылуға қатысты төрелердің шежірешілері елбасымызды «қойшының баласы» деп кемсітпекші болады. Ал енді, алдыңғы жазғнадарымыздан, және де, жоғарыда айтылғандардан біздер шежіре деректеріндегі «Қойшы, «Сиыршы» дегендеріміздің, анығында Шыңғыс ханның өзінен де текті екендерін түсінеміз. Юечжи-Кушан патшалығының алтын теңгесі осы айтылғандардың бірден-бір дәлелі болып келеді. Дана халық: «Қой бағып, құйрық жеген озар» деп бекер айтпаған.  Кеянидтердің шежіресіндегі барлық патшалардың таңбалары «ноқта таңба» болып тұрғандықтан біздер бұндай таңбаға ие болған тайпалардың бәрінің патшалар әулетінің ұрпақтары екендерін түсінеміз. Ал енді, Шапыраштылардың атасы деген Бәйдібектің найзасының басында ноқтаның болғанын екінің бірі біле бермейді. Қалмақтармен бір қақтығыста олардың Дөде батыры найманның Шектібай батырын ауыр жарақаттап кеткенде, Бәйдібек баба найзасының ұшындағы осы ноқтасымен Дөденің бұғы мойынынан іліп алып, ат-матымен жыға сүйретіп, буындырып өлтірген екен.  Біріншіден, кеянидтердің шежіресіндегі патшалардың ноқта таңбалары «ноқталы найза» түрінде көрсетілген. Екіншіден, Бәйдібектің ұрпақтары деген Албандарда,  Рашан-хадтың дерегінде көрсетілгендей «ноқта таңба» Бәйдібектің найзасының  басындағы ноқта кейпінде салынған. Ноқтаны ұстаған патшаның бейнесін алтын теңгеге соққан Кушан патшалығы қытай деректеріндегі Хуша, яғни Қыпшақ екендері, және де, Қаңлы мен Қыпшақтың бір массив екендері алдыңғы мақаламызда айтылды. Міне, Бәйдібектің хан атануының себебі осыдан болған. Төрелердің шежірешілері  болса: «Бәйдібек қай атасынан хан атанған?» деп бұлқан-талқан болады.   Анығында, Бәйдібектің аталары хандық құрғанда Шыңғыс ханды қойып, оның жетпіс жетінші атасы тумаған еді.  Бәйдібек атаға хан атағын берген халық оның нақты тегін жақсы білген. Бұл хан атауының Шыңғыс ханға еш қатысы жоқ. Және де, Бәйдібек ата Шыңғыс хан сияқты жалғанатты хан болмаған.

    Міне, Асқақ Темірдің заманында өмір сүріп, бөржігін-адай болса да, Асқақ Темірдің өзі ала алмаған  хан атағын  Бәйдібектің алуының  сыры оның, арийлердің патшалық Кай әулетінің ұрпағы екенінде жатыр.  Бәйдібектің Үйсінге жататыны жалған миф. Және де, Үйсін дегеніміз ешқандай да суперэтнос емес, бар болғаны идеология. Кеңес дәуіріндегі рушылдардың, яғни үйсіншілдердің идеологиясы.  Үйсін дегеніміз кезіндегі қаңлылардан-қыпшақтардан, кердерілерден, дулу-дулаттардан, қоңыраттардан  құралған тайпалар одағының атауы.  Үйсін атауы Елжау бидің елінде (Ел+жау, враждебный народ), олардың Юечжилардың (адайлардың) зұлматына ұшырағанда болмаған.   Бұл зұлматқа ұшырағандар сары сарматтардың  Азық (Язиг) тайпасының бір шағын бөлігі еді.  Мұхамеджан Тынышбаев Шапырашты, Ысты, Ошақты тайпаларының Үйсіндерге кірме екендерін меңзеген екен. Анығында, Сары үйсіндердің өздері шежіре деректерінде Бәйдібектерге кірме, «асыранды» болады. Мифология Қоңыраттардың Ергене қоңнан шыққанда басқа тайпалардың ошақтарын таптап өтіп  аяқтарынан кеткендерін айтады. Шоқан бұл аяқтың дертін «ревматизм» деген екен.  Сонда,  мифологияда  «аяқтарынан кетті» деген Майқы биіміз де Үйсін емес, қоңырат-қаңлы болады. Оның үстіне ол арийлердің, Қаңлылардың, Қоңыраттардың хасағ арбаларына таңылған болса.

     Шежіре бекерден-бекер дерек бермейді. Шежіредегі әр атаудың өзінің жасырын мағынасы болады. «Иттің бәрі тазы емес, еттің бәрі қазы емес» дегендей, шежірені сайрап жүргендердің бәрі шежіретанушы емес.  Біздердің Шыңғыс ханның тегінен адасып жүргеніміздің себебі, шежірені тани білмеумізде жатыр. Сондықтан да, қазақбайшылап айтылған шежіре деректеріне әлі күнге дейін сеніп, надан күйімізде қала бермекпіз. Ноқта ағасы дегеніміз ешкімнің де ағасы екенін білдіріп тұрған жоқ, бұл атау – ноқта ағасының  патша екенін білдіріп тұр. Наймандағы Терістаңбалының, Жалайырдың, Кіші жүздегі Табынның,  Орта жүздегі Тарақтының «ноқта ағасы» деген атаулары, олардың кеянидтік патша әулетінің ұрпақтары екендерін білдіріп тұр.  Жалайыр, яғни біз айтып жүрген тарақ таңба Шыңғыс хандікі емес, осылардың өздерінікі.

     Жақсылық Сәбитов қыпшақтардың Боняк ханын айтқанда оның Осеньнің ұлы екенін түсіндіреді де, Осеньнің кім екенін білмейді. Осымен қатар Сүгірді де Осеньнің ұлы дейді. Орыстарға қанды қырғын салған Боняк кеянид болған. Кеянидтер әулетінде Заратуштра пайғамбардан бұрынғы замандарда ноқта таңбалы Кей Осень деген патша болған. Міне, жоғарғы Боняк пен Сүгір осы Кей Осеньнің ұрпақтары болады.  Міне, біздер осы жерден қыпшақтардың, қаңлылардың, қайсақтардың, яғни  Қай әулетінің сақтарының арийлердің патшалық Кей әулетінің ұрпақтары екендерін түсінеміз. Осымен қатар, шежіре деректерінде наймандағы Балталы, Бағаналы,  Ергенекті тайпалары осы Сүгірден таратылған.  Найманда қалған Жағалбайлылар да осы Сүгірдің ұрпақтары болып саналады. Бұларды Төре-найман дейді. Алдыңғы мақаламызда Жағалбайлыдан Найман мемлектетін құрған хандардың шыққандары айтылған.   Демек, Қыпшақ хандығы сияқты, Найман хандығы да Кей Осеньнің ұрпақтарының  күшімен  құрылған.  Шежіреде күллі найманның Белгібайдан тарап тұрғандарына қарағанда,  «Құпия шежіредегі Белгімтайдың әкесі деген Дубун-Баян да, және де күллі Қият әулеті де осы Кей Осеньннің ұрпақтары болса керек. Кеянидтердің шежіресінде Кей Осень кейде Кей Оседень, кейде Кей Усен деп көрсетелген екен.  

    Ал енді, қазіргі төрелердің өздерін Дубун-Баяннан таратып жүргендерінің себебі, олардың «нұрдан жаралғандары» Ислам дініне қатысты күпіршлік болып кеткен соң болған. Қазыбек бек Тауасарұлы мен Жалайырлардың Шыңғыс ханды Дубун-Баян арқылы өздерінен таратқандары да, барып тұрған жаңсақтық.  Бөржігіндер Дубун-Баяннан, яғни Әлкей Марғұлан атап кеткен Домбауыл мергеннен тумаған. Және де, Кай әулетінің, яғни Қиянның адайдағы Мұңалдан таратылуы да, Шыңғыс ханның идеологтарының айла-тәсілдерінен болуы мүмкін.  Не болмаса, бұл шежіредегі Қиян, аңыздағы Қиянның аттасы ғана болса керек.  Біздер бұл шежіремен Шыңғыс ханды ақсүйек әулеттің ұрпағы деп, әлемді сендіре алмаймыз.  Бір анығы, алдында айтылғандай, Мұң+ал дегеніміз Рашиденнің  маңғұл атауының мағынасын  түсіндіргеніндегі «возьми печаль», Әбілғазы айтқан мунол-мугул, шежіредегі мұңал-мұғал, ақындарымыз айтқан «мұңлы баба», яғни, кейін маңғұл деп айтылып  кеткен мұңлы қазақтың   бір балама атауы.

      Демек, Шыңғыс ханның ұрпақтары төре атақтарын сақтап қалу үшін  өздерін Дубун-Баяннан таратып отыр. Өйткені, жоғарыдан ұққандарыңыздай, нағыз төрелер ноқта ағалары, Дубун-Баянның ұрпақтары болады.  Төре дегеніміз басқа елдердің тіліндегі «князь», «принц» деген мағынада. Бұндай атаққа тек ақсүйек әулеттің ұрпақтары ие болады.   Кай әулеті, Осман империясы арқылы да әлем мойындаған ақсүйек әулетке жатады. Сондықтан да, принц, яғни төре атағы қазақтарда кеянидтерге ғана тиесілі. Мемлекет құрған  қият-найман хандарының ұрпақтары бекерден-бекер Төре-найман деп аталған жоқ. Қазақтардың бабалары – ежелгі арийлерде абыз-ақындар және жауынгер-малшылар  деген  екі қауым болған. Кеянидтер абыз-ақындар да, қаршыға (свастика) таңбалы бөржігіндер, Шыңғыс ханымен қоса жауынгер-малшылардың ұрпақтары болады.  Адайлардың (дайлар) атам заманнан бері  аттың үстінен садақ атқан жауынгер тайпа екендері белгілі. Демек, нағыз «қойшының баласы» елбасымыз емес, Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары болып тұр. Сондықтан да, бұл әулетті ақсүйектер ретінде әлем мойындамаған, өйткені, Европалық тарихшылар, орыстың тарихшылары бұл ақиқатты жақсы біледі.  Абыз-ақын Бұқар жырау Абылай ханға: «Атаңды сенің сұрасаң, Архар ұранды жат едің, Қай жеріңнен төре едің?» дегенінде, Шыңғыс ханды қазаққа жат деп тұрған жоқ, Қиятқа жат деп тұр. Найманның ғұлама шежіресі болған, бала кезімде менің аузыма түкіріп батасын беріп, «Ясин» сүресінің аяттарын жаздыртып беріп кеткен Ғұлам Қадыр Жазыбайұлының айтқанында: «Шыңғыс ханның ұрпақтары ару ұрық болса да, төрелер емес, төлеңгіттің тәрбиесін көргендер».

   Бұл ұрпақ бір-бірімен қырқысып алдымен Алтын Ордамызды құртты, одан кейін Қазақ хандығын құртты.  Қазақ халқын өздерінің бұрынғы бодандарына бодан қылды.  Кай әулетіндегі Бәйдібек ханның ұрпағы болса, қазақ елін осы бодандықтан алып шығып, Казақстан мемлекетінің шекарасын бекітіп, қазақ халқын басқа елдерден кемдікке ұстамай, теңдікке жеткізді. Ал енді, Шыңғыс ханның ұрпақтары жөнінде жазған Қайрат Закирянов: «К сожалению – здесь уже в действий закон самой природы – наследники Чингис хана, не обладая талантами и способностями своего великого предка, разрушили, пожалуй, величайшую Империю всех времен и народов» деген екен. Иә, Бекболат би айтқандай: «Түйенің өзі түйе, құмалағы түйе емес».

Қайрат Зарыпхан

Шежіретанушы. Өскемен.

Ұлт порталы