17 ақп, 2021 сағат 06:33

"Қатерлі ісік белгісі": қандай жағдайда шұғыл дәрігерге қаралу керек

Омыртқа, аяқ пен сан ауырса, ер адамдардың құйқасты безінде ісік болуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости құйқасты без ісігімен күрес жөніндегі британдық қорға сілтеме жасап.

Сондай-ақ, адам эрекция және эякуляция кезінде өзін жайсыз сезінсе де, бірден дәрігерге қаралуы керек. Кей жағдайда шәуетте қан болуы мүмкін.

Құйқасты без ісігі простата безінің жасушаларында дамиды. Қазақстанда бұл сырқат өкпе, асқазан және тері ісігінен кейінгі орында.

Бұған дейін терінің тым боз түсі ішек ісігінің белгісі болуы мүмкін екенін айтылды. Адамның өңі қашса,  әдетте, темір тапшылығы, анемия диагнозы қойылады. Алайда онкологиялық дертке байланысты да ағзада темір тапшылығы болады.