ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
«Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Батылдық, адалдық, принципшілдік сияқты қасиеттер – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Сіздер пандемияға қарсы күрес секілді қиын-қыстау кезеңде де өздеріңізге жүктелген күрделі міндеттерді адал атқарып келесіздер. Барша полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін!» делінген хабарламада.