04 нау, 2021 сағат 17:44

Қасым хан туралы фильмде басты рөлдерді сомдайтын актерлер белгілі болды

Қасым хан туралы «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмдегі басты рөлдерді сомдайтын актерлердің кімдер екені белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап.

«Достар, сіздерге режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмінде басты рөлде ойнайтын актерлердің есімдерін қуанышпен хабарлаймыз:

Қасым ханның жас кезін Данияр Оразаев ойнайды,
Ересек Қасым хан - Берік Айтжанов, 
Жас Бұрындық хан - Айдос Абдыкадыров,
Ересек Бұрындық хан - Ерік Жолжақсынов.
Мұхаммед Шайбани - Нұрлан Әлімжанов. 
Жаһан бегімнің жас кезін Алтынай Нөгербек,
Егде Жаһан бегімді Шамшагүл Мендиярова ойнайды.
Әли Рашидтің жас кезін - Қуаныш Құдайберген,
Ересек Әли Рашидті – Тұңғышбай Жаманқұлов сомдайды», делінген хабарламада.

Кинотуындыны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсіреді. Алғашқы түсірілім жұмыстары 25 ақпанда Алматы облысы Жаркент ауданы Көктал ауылының маңында басталды.