13 мау, 2019 сағат 17:27

Каспий теңізінде жер сілкінді

Бейсенбі күні Каспий теңізінде магнитудасы 4 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады Sputnik агенттігі Әзербайжанның республикалық сейсмологиялық қызметіне сілтеме жасап.

Орталықтың мәліметінше, теңіздегі жер асты дүмпулері Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:32-де тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі 62 шақырым тереңдікте орналасқан.

Бұған дейін Каспий теңізінде 4,7 және 4,8 балдық күші бар жер асты дүмпулері тіркелген. Екі жағдайда да жер сілкінісінің эпицентрі 62 шақырым тереңдікте болды.