05 нау, 2018 сағат 08:24

Қаскелеңде жедел-жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Алматы облысы Қаскелең қаласында жедел жәрдем көлігі «Lexus»-пен соқтығысты, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды patrul.kz

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, Lexus Наурызбай батыр даңғылымен солтүстік бағытқа қозғалып келе жатқан. Жүргізуші бағдаршамның жасыл түсіне жүріп келе жатқанына сендірген. Қиылыста оның алдында кенеттен жедел жәрдем көлігі кері бұрыла бастаған. Ол Наурызбай батыр даңғылымен оңтүстікке бет алған. Жеңіл көлік иесі тежегішті басып үлгермеген. Оның сөзінше, медициналық бригаданың машинасы жарық және дыбыс сигналдарын қоспаған.


Жол апатында 4 адам - жедел жәрдем көлігінде болған науқас қыз, оның жүргізушісі мен фельдшер, сондай-ақ Lexus иесі зардап шекті. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.