11 қыр, 2017 сағат 22:07

"Қаратау – 2017" жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы басталды

Қазақстанның Қарулы Күштерінде «Қаратау-2017» ірі ауқымды жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы басталды.

«Қарулы Күштердің 25 жы­л­дығына – жоғары жау­­ын­герлік дай­ындық!» ұра­нымен ағымдағы оқу жы­лы так­ти­ка­лық оқу-жат­­­тығуларына, әр­түрлі бөлімдер мен бөлім­ше­лер­дің халықара­­­лық сайыс­та­рына және тосыннан жүр­­гі­зіл­ген тексерулер ке­зе­ңіне то­лы болды.

Сонымен, жауынгерлік әзірлікті арттыру бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар шеңберінде Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жедел-стратегиялық оқу-жаттығу бас­талды. Оған 10 мыңға жуық әскери қыз­мет­ші, 1500 бірліктен аса жауынгерлік техника, 40-тан астам ұшақ пен тікұшақ, сондай-ақ Әс­кери-теңіз күштерінің 5 кораблі қатысуда. Техника мен қару-жарақтың бір уақытта шы­ғуы­мен мұндай ауқымды іс-шаралар биылғы жы­лы алғаш рет өткізіліп отыр.  Өткізіліп жатқан сабақтардың басты мақ­саты әскерлердің жауынгерлік әзірлігін жә­не белгіленген мерзімде тапсырмаларды орындау қабі­лет­тілігін тексеру болып табылады. «Қаратау – 2017» оқу-жаттығуына жетекшілік ету Қор­ғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қа­рулы Күштер Бас штабының басшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевке тапсырылды.

Әскерлердің шоғырлану аудандарына кенеттен жылжуы, жауынгерлік қолданудың бейтаныс аудандарына бірнеше жүздеген шақырымға марш жасауы, шартты дағдарыс ауданында әуе десантын түсіру Қарулы Күштер өңірлік қол­басшылықтарының әскери полигондарын­да өтетін «Қаратау – 2017» жедел-стра­тегиялық оқу-жаттығуының негізгі кезең­де­рі болып табылады. Оқу-жаттығудың барысы мен про­це­сін Бас штабтың жедел топтары баға­лай­тын бо­лады. 

Алғашқы күнде барлық түрлер мен әскер тектері әскери бөлімдері мен құрамаларының жеке құрамы жауынгерлік әзірліктің жоғары дең­гейіне келтірілді. Әскери басқару органдары жауынгерлік әзірлікке келтірілгеннен кейін оқу-жауынгерлік тапсырмаларды алып, бел­гіленген аудандарда бөлімшелерді жедел алмас­тыруға кірісті. Аталған кезеңде күрделі же­дел-тактикалық жағдай қарастырылған. Ол бой­ынша қолбасшыларға анағұрлым мақ­сат­қа сай шешім қабылдауға, ал бөлімдер мен бө­лім­ше­лерге ұрыс алаңында шартты қар­сы­ласқа ше­бер түрде қарсы тұру қажет. 

Дағдарыс аудандарына іргелес жатқан аумақтарда әскерлердің іс-қимылдарын бір уақытта қамтамасыз ету үшін саны 200 адамнан асатын тактикалық әуе десанты түсірілді. Сәтті түсіруден кейін десанттық-шабуылдау батальоны алдыңғы позицияға орнығып, мотоатқыш және танк бөлімшелерін әрі қарай өрістету үшін жерді бақылауды жүзеге асырады.  Оқу-жаттығу басталысымен әскерлерді бас­қару далалық басқару пункттерінен жүргізіліп жат­қанын айта кету қажет. Бүгінгі таңдағы бас­­қару пункттері барлық қажетті байланыс түр­лерімен жабдықталған. Бүркемелеу мен қор­ғалудың жеткілікті деңгейіне ие. Бұл ұзақ уақыт бойы автономдық жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді. 

Оқу-жаттығудың жетекшісі генерал-лейтенант Мұрат Майкеев атап өткендей, аталған оқу-жаттығудың ерекшеліктері 4 бағытта, бір уа­қытта әскерлердің ірі топтамасын басқару, Қарулы Күштердің барлық түрлерінің, әскер тектері, жауынгерлік және материалдық-тех­ни­ка­лық қамтамасыз ету бөлімдерінің өзара іс-қимылы, сондай-ақ әскери барлау күштері мен құралдарының мүмкіндіктерін тексеру бо­лып табылады. 

«Қаратау – 2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы Қарулы Күштерді қолдануда жаңа көзқарастардың тиімділігін түбегейлі тек­серуге, жалпы алғанда, Қазақстан армиясы бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен жау­ын­герлік қабілеттілігін бағалауға және ұлттық қор­ғанысты әрі қарай жетілдіру жос­парларын ай­қындауға мүмкіндік береді. 

Әскери ведомство басшысы биылғы жы­лы «Қарулы Күштердің 25 жылдығына – жоға­ры жауынгерлік дайындық!» ұраны толық кө­лем­де орындалатынына және оқу жылын әс­кер­лер жауынгерлік даярлықтың сапалы жаңа көр­сеткіштерімен аяқтайтындарына сенім білдіреді. 

Нұрлыбек Досыбай