«567 Cinema» кинокомпаниясы «Батырлар» атты тың туындының жарық көргенін хабарлады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл туралы белгілі режиссер, сценарий жазушы Жайық Сыздықов Facebook-тегі парақшасында жазды. Фильмнің сюжеті Қарасай мен Ағынтай батыр туралы аңыздар негізінде құрылған.
«Туынды қос батырдың аты тарихта не үшін қалғаны туралы баяндайды. Ол прокатқа 28 қарашада жол тартады», - делінген жазбада.
Фильмнің продюсері – Асқар Ұзабаев пен Ринат Сафаров. Сценарийін жазғандар: Асқар Ұзабаев, Жайық Сыздықов, Ғазиз Насыров, Мұхамед Мамырбеков және Шыңғыс Абланов.