29 сәу, 2020 сағат 20:40

Қарапайым заттар экономикасы: Өтінішті қарау мерзімі қысқарды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ұлттық банк «ҚазАгро» ҰБХ еншілес ұйымы «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ және ЕДБ қорландыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аясында егістік компаниясын жүргізуге қосымша 100 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Корпорация аталған бағдарлама бойынша көктемгі егістік жұмыстарын қаржыландырады. Негізгі мақсаты – айналыстағы қаражатты толықтыру. Бүгінгі таңда субсидиялауды есепке ала отырып 6 пайыз жылдық мөлшерлемемен 1,3 млрд теңге көлемінде несие берілді. Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасындағы өзгерістер түрлі ауылшаруашылық өсімдіктерді егетін фермерлерге қаржы алуға мүмкіндіктерді ұлғайтты. Енді шаруалар егіс жұмыстарын жүргізуге айналыс қаражатын 12 айға дейін толықтыра алады. Бұл ретте негізгі борышты қарыз мерзімінің соңында өтеуге болатынын айта кеткен жөн», - делінген «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мәліметінде. 

Қаржыландыру және шешім қабылдауға өтінімдерді қарастыру мерзімі 30 күнтізбелік күннен 10 жұмыс күніне дейін қысқартылған. Сонымен бірге, несиелеу процесін оңтайландыру және қаржыландыру процесін ықшамдауаясында қарыз алушылар ұсынатын құжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін 27-ден 13-ке, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге 16-дан 12 құжатқа қысқартылды.

«Өңірдегі филиалдар дербес шешім қабылдау үшін лимиттер 200 млн теңгеге дейін ұлғайтылды және несие комитеттерінің қашықтан отырыс жүргізу, ЭЦҚ арқылы құжаттар мен төлем құжаттарына қол қою практикасы да енгізілді. Шалғайдағы елді мекендердегі шаруаларды жеңілдетілген несиеге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, көктемгі науқандық жұмысты жүргізуге Қарапайым заттар экономикасы аясында соңғы қарыз алушыларды қаржыландыратын Несиелік серіктестіктерді қорландыру құралы пайдаланылады. Осы уақытта бұл ұйымдар 144,1 млн теңгені үлестірді. Қабылданған шаралар көктемгі егістік жұмыстармен айналысатын фермерлерді несиелеу талаптарын жақсарта отырып, оларды едәуір қолдауға мүмкіндік береді», - деп атаплып өткен хабарламада.