ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұрғындардың көшеде қандай талаптарды сақтауы қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Спортпен айналысу форматына қатысты, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, ұлттық құрамалар үшін 30 адамнан аспайтын спорттық жаттығуларға рұқсат беріледі», - деп атап өтті министр бүгінгі Үкімет отырысында.
Министр халықтың көшедегі қозғалысына қатысты мынадай талаптар сақталатынын айтты.
«Көшеге, саябақтарға, скверлерге және жағалауға барғанда 3 адамнан артық топтасуға болмайды. Қоғамдық көліктің жұмысы уақыт пен жолаушылар санын 50% шектей отырып, маскалық, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауды және кондукторлардың болуын міндеттеу арқылы қайта жанданады», - деді Алексей Цой.