#
#
Cәрсенбі 12/08/2020

Карантин: Қазақстандықтар өңірлер арасында жеке көлікпен сапарлай алады

  • 02.07.2020
  • 0
  • 247

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 5 шілдеден бастап енгізілетін каратин кезінде көлік қозғалысына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Е. Тоғжанов бүгін Мемлекеттік комиссияның отырысы өткенін, осы отырыста коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қатаң шектеу шараларын енгізу мәселелері, арнайы іс-қимыл жоспарлары қаралғанын еске салды. 

«Аталған жоспарда азаматтар мен бизнестің мүдделері толық ескерілген. Сол жоспарға негізделе отырып, инфекцияның таралуына жол бермеуге бағытталған шектеу шараларын биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге жариялау туралы шешім қабылданды», - деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Оның атап өтуінше, бағыттар санын өсірмей, өңірлер арасындағы әуе қатынасы бұрынғы деңгейде сақталады. Теміржол арқылы жолаушылар тасымалы қысқарады. Қалалар арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату ескерілген. 

«Өңірлер арасында жеке көлікпен сапарлауға рұқсат етіледі. Уақыт бойынша шектеулерді ескере отырып, қоғамдық көліктің жұмысы сақталады»,- деді Үкімет басшының орынбасары. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар