29 нау, 2021 сағат 12:10

Қарағандылық Ажар Салықова самбодан әлем кубогында жеңімпаз атанды

Қарағандылық Ажар Салықова 65 келі салмақ дәрежесінде Мәскеуде өткен самбодан «А.Харлампиевтің мемориалы» әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Екі күн ішінде 21 медаль жиынтығы ойнатылды. 

Армения, Бахрейн, Беларусь, Болгария, Грекия, Грузия, Қазақстан, Камерун, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан секілді 16 елден келген 300 спортшы бақ сынасты. 

Ажар Салықова – дзюдодан ҚР спорт шебері. ҚР бірнеше дүркін чемпионы. Дзюдодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Үндістан, Кочи). 

Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Самбодан ҚР үш дүркін чемпионы. 

Самбодан (Оңтүстік Корея) әлем чемпионатының қола жүлдегері. 

Қазақ күресінен спорт шебері - ҚР чемпионы.

Самбодан әлем чемпионатында бойжеткен 2019 жылы қола медальге ие болды. 

Содан кейін ол осы спорт түрімен бір жыл ғана айналысқан, бірақ ол жарыстарға қатысу тәжірибесін жинап, алға қадам басты.