24 мам, 2021 сағат 12:50

Қарағандыдағы фармацевтикалық зауыт «Спутник V» вакцинасын экспортқа шығармақшы


«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС-нің бас директоры Сергей Барон «Спутник V» препаратын экспортқа шығару мүмкіндіктері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келісімшарт бойынша біз Денсаулық сақтау министрлігінің алдындағы міндеттемелерді орындап болғанша ешкімге вакцина жөнелте алмаймыз. Тек ДСМ-нің бірыңғай дистрибьютеріне ғана береміз. Егер, келісімшартта көрсетілген 5 млн доза жеткілікті болса, әрі қарай экспортқа шығуға болады. Бізге хабарласушылар көп. Әсіресе көрші елдерден тікелей шығып жатқандар бар. Біз сөзбен айтқанда, Қазақстандық толық қамтамасыз еткеннен кейін экспортқа шығамыз», - деді Сергей Барон онлайн баспасөз мәслихатында.