27 қаң, 2018 сағат 12:50

Қарағандыда "50 теңгеге жылынып алуға" болады

Қарағанды тұрғыны жаураған жандарды өзі дүңгіршегіне кіргізіп жылыту үшін 50 теңге алады. Ол дүкен есігіне осындай хабарлама іліп қойған деп хабарлайды NUR.KZ.

Хабарлама суреті Instagram желісінде пайда болып, елді қызықтыруда.

Желі қолданушыларының кей бірі оны тапқыр азамат деп қолдаса, ал кейбірі оның "пайдакүнемдігін" сөгіп тастады.

Ал хабарлама авторының өзі мұндай әрекетке ақша табу үшін емес, адамдардың назарын аудару үшін барғанын айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Күн суықта адамдар жиі кіріп-шыға береді. Ал мен суықта отырамын. Әрине олардың жылынуға кіргені үшін ақша алмаймын. Тек қорқытып қою үшін жазғанмын", - деп ақталды атвор.