21 шіл, 2022 сағат 11:40

"Қара нәсілді қыз алдым". Әйгілі Нұрлан мен Мұрат қазір немен айналысып жүр?


Белгілі әншілер Нұрлан мен Мұрат "1001 ТҮН" бағдарламасына берген сұхбатында қазір немен айналысып жүргендерін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Топ мүшесі Нұрланның сөзінше, ол қыздар тобын құрмақ болған.  

"Үлкен шаруалармен Мұрат Ақтауға көшіп кетті. Әрі жүрдім, бері жүрдім. "Қой бірдеңе құруым керек, болмайды" дедім. Жалғыз айтып жүрдім. Бәрібір мені дуэт болып көріп қалғаннан кейін қасыма жас жігіт іздедім. Алдым дегеннің өзінде арасында үлкен әңгіме кетеді. "Бұл Мұраттан жақсы екен, бұл Мұраттан шамалы екен" дегендей салыстырады. Бұл әңгімеден аулақ болайын деп, жігіт мәселесін алып тастадым. Бөлек істеп көрейін деп, қара нәсілді қыз алдым. Нигериядан келген. Ол қызбен жұмыс істеп бастадық, дауысы да, тембрі де әдемі. Өкінішке қарай, сыйыспайтын болдық. Қыз алған соң эксклюзив болуы керек, содан кейін орыс қыз алдым. Тамаша қыз, бойы да ұзын. Күйеуі рұқсат бермей қойды. Қазақ қыз іздедім, таптым. Өлең айта бастадық. Бәрі "Маша и Медведь" дейді", - деді Нұрлан.


Мұраттың сөзінше, өз мамандығына қайта оралған.

"Қазір Ақтауда Жантөрин атындағы театрда қызмет атқарып жатырмын. 20 жылдан кейін өз мамандығыммен жұмыс істеп жатырмын", - деді Мұрат.

Олар бірге тойға шығатындарын айтты.

"Жағдайлары жететін кейбір адамдар хабарласып, "Нұрлан мен Мұрат болып келе аласыңдар ма?" дейді. Бірақ бағасы өзгеше болады", - деді олар.

Айта кетейік, "Нұрлан мен Мұрат" тобы 1996 жылы Атырауда құрылған. Олар алғаш рет қазақша рэп айтқан. Қоржындарында "Махаббат", "Лейла", "Жұлдызым" секілді танымал әндері бар.