24 ақп, 2021 сағат 22:21

Қар, боран, жел: 25 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 25 ақпанда ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. 

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде қатты қар жауады, тек батысында антициклон ықпалымен жауын-шашын жаумайды. 

Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ пен бұрқасын болады. Жел күшейеді. Елдің оңтүстік-шығысында жел екпіні 30 м/с жетеді және одан асады. 

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ, бұрқасын. Жел қарқыны 23-28 м/с дейін күшейеді. 

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел жылдамдығы 30 м/с және одан асады. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады. Желдің күші - 25 м/с. 

Павлодар облысы, түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады. Жел екпіні 25 м/с жетеді. 

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Жел қарқыны - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 23-28 м/с болады. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде боран соғады. Желдің күші - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде жаяу бұрқасын көтеріледі. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.