17 шіл, 2019 сағат 21:17

«Канелоның» Головкинмен үшінші рет кездесуден басқа амалы қалмад

Белгілі промоутер Эдди Хирн қоластындағы боксшы Каллум Смит жақын арада Сауль Альвареспен кездеспейтінін айтты. Бұл туралы Vringe.com порталына сілтеме жасап Sports.kz хабарлады.

«Хирн Смитке «Канеломен» айқаспас бұрын тағы екі жекпе-жек ұйымдастырмақ. Бұған дейін Ливерпуль тумасы Смит Суперсерияда жеңіске жеткеннен кейін «Энфилд» стадионында титулын қорғауға ниет білдірген болатын. Ол үшін мансабын аяқтаған америкалық Андре Уорд пен қазақстандық Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырмақ болған», - деп жазады портал.

«Канело» өз кезегінде, Головкинмен үшінші рет айқасудан гөрі, ірі жекпе-жек өткізу үшін басқа салмақ санатына ауысудың амалын қарастырған. Бірақ Сергей Ковалев оның ұсынысына көнбей қойды, ал Хирн Смит Сондерспен кездесетінін мәлімдеді. Енді мексикалық боксшының қыркүйектегі жекпе-жегіне Головкиннен басқа боксшы табылмайын деп тұр.