WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) жаңа промоутері Эдди Хирннің ұсынысымен Сауль Альварес (52-1-2, 35 KO) трилогиядан бас тартқан жағдайда жүзеге асырылатын нақты іс-қимыл жоспарын алды, деп хабарлайды Sports.kz порталы.
Головкин де, Хирн де «Канеломен» трилогия өткізуге ниетті екені белгілі, алайда екеуі мексикалық боксшының GGG-мен мүлде рингке шыққысы келмейтіндей жағдай орнағанда жүзеге асырылатын «Б» жоспарын әзірлеуді шешті. Осылайша промоутері Головкинге нақты айқасатын төрт қарсыласты ұсынды. Қатарында Деметриус Андраде (28-0, 17 КО, орташа салмақтағы WBO чемпионы), Билли Джо Сондерс (28-0, 13 КО, супер орташа салмақтағы WBO чемпионы), Каллум Смит (26-0, 19 КО, супер орташа салмақтағы WBA Super чемпионы) және Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 КО) бар. Олардың үшеуі әлем чемпионы титулдарына ие. Головкин мен «Канело» арасындағы алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, екіншісінде Альварес төрешілердің басым көпшілігінің дауысымен жеңімпаз атанған еді.