28 ақп, 2021 сағат 13:55

«Канело» мен Йылдырымның титулдық жекпе-жек үшін алған гонорары белгілі болды

Мексика боксшысы Сауль Альварес пен түрік спортшысы Авни Йылдырымның титулдық жекпе-жек үшін алған сомасы аталды, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

The Athletic инсайдері Майк Коппинджердің мәліметінше, Йылдырымның небәрі үш раундқа созылған жекпе-жек үшін алған гонорары 2,5 миллион долларды құраған. «Канело» болса, «сегіз таңбалы соманы» алған. Кейбір шетелдік БАҚ гонорар цифрын де атады, бұл - 30 миллионға жуық доллар. 

Еске сала кетсек, Альврес Йылдырыммен айқаста WBA Super және WBC нұсқалары бойынша суперорта салмақта әлем чемпионы титулдарын сәтті қорғап шықты. Мексикалық боксшы келесі жекпе-жегін 8 мамырда өткізеді – онда ол британдық боксшы Билли Джо Сандерспен жұдырықтасады.