10 мау, 2020 сағат 13:06

Қандай өңірлерде кен орындарын ашуға болады - министр жауабы

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанның қай өңірінде қандай кен орындарын ашуға болатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда жаңа кен орындарын ашуға болатындай мол мүмкіндік бар. Мәселен, Ақмола мен Қостанай облысында, сонымен бірге елдің орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерінде алтын өндіретін орындарды ашуға болатындай әлеует анықталды. Сонымен қатар Орталық, Оңтүстік Қазақстан мен Кенді Алтайда, Ресей мен Қытай шекарасында қорғасын, мырыш кен орындарын ашуға мол мүмкіндік бар», - деді Мағзұм Мырзағалиев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халыққа онлайн есеп беру барысында.

Министр сонымен қатар ел аумағында вольфрам, молибден, алюминий, қалайы өндірісі бойынша кен орындарын ашуға болатынын мәлім етті.