10 нау, 2021 сағат 09:33

Қанат Ислам Головкин салмағындағы әлем чемпионымен жекпе-жекке шығуы мүмкін

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) WBC нұсқасы бойынша осы дивизиондағы әлем чемпионы, американдық боксшы Джермалл Чарлоның (31-0, 22 КО) әлеуетті қарсыласы ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды Sports.kz порталы.

Бұл туралы кәсіпқой бокс әлемінің инсайдтары мен жаңалықтарын жариялап жүрген Boxing Media UK твиттер-аккаунтында жазылды. 

«Джермалл Чарлоның әлеуетті қарсыластарының арасында Масиас Монтель, Андрей Сироткин, Қанат Ислам бар», — деп жазылған әлеуметтік желіде. 

Бұл ретте Чарломен чемпиондық жұдырықтасуға ең көп мүмкіндікке ие боксшы – РBC платформасында жекпе-жек өткізуде тәжірибесі мол Монтель екенін атап өткен. 

Еске сала кетсек, Қанат Ислам рингке таяуда ғана шыққан еді – 20 ақпанда АҚШ-тың Флорида штатының Майами қаласында өткен айқаста ол жетінші раундта эквадорлық Джейсон Миндуны (14-4-1, 8 КО) нокаутқа түсірді. Чарлоға келетін болсақ, ол 2020 жылдың қыркүйегінен бері жұдырықтаспаған. Соңғы жекпе-жегі Коннектикут штатының Анкасвилл қаласында өтіп, онда төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімінен Украина боксшысы Андрей Деревянченкодан (13-3, 10 КО) басым түскен еді. 

Атап өтейік, орта салмақта сондай-ақ Қазақстанның тағы бір өкілі, IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) бар.