20 ақп, 2021 сағат 10:11

Қанат Ислам айқас алдында салмақ өлшеді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) АҚШ-тың Флорида штатындағы Майамиде айқас алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Sports.kz агенттігі.

«Қазақтың» қарсыласы эквадорлық Джейсон Минда (14-3-1, 8 КО) болмақ. 

Орта салмақтағы айқас он раундқа жоспарланған. 

Екі боксшы да орта салмақтағы лимитті (72,6 кг немесе 160 фунтов) орындады. 

Таразыда Қанат Ислам 72,6 кг салмақ көрсетсе, оның қарсыласы – 72,1 кг. 

Бұған дейін хабарланғандай, бастапқыда Қанат Ислам ганалық Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жұдырықтасуы тиіс болған. 

Алайда белгісіз себептермен африкалық боксшы жекпе-жекке қатыспайды.