Фото: AFP
Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо дүйсенбі күні Либералды партияның басшылығынан кететінін хабарлады. Канадалық парламент 24 наурызға дейін жұмысын тоқтатады. Трюдо жаңа партия жетекшісі сайланған соң қызметінен кететінін айтты, бірақ ол өзі сайлауға қатыспайды.
Негізі парламент сайлауы 2025 жылдың 20 қазанында өтуі тиіс еді, алайда Трюдо отставкаға кететіндіктен, енді ол межелі уақытынан бұрын өтуі мүмкін. Сарапшылар Трюдоның кетуі Канаданың Консервативті партиясының жетекшісі Пьер Пуальеврдің премьер-министр болуына жол ашуы мүмкін екенін болжайды. Дегенмен Трюдо Пуальеврдің саяси көзқарастарын қате деп атаған болатын. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Пуальеврді қолдайтынын білдірді.
Канадада үкіметтік дағдарыс 2024 жылдың соңында басталды. Қаржы министрі Христя Фриландтың отставкасы және АҚШ-тың тарифтер туралы дауы Канаданың ішкі саясатына әсер етті.