Виннипегеде (Манитоба) өтіп жатқан коронавирус шектеулеріне қарсы наразылық акциясының қатысушыларын автокөлік басып өтіп, 4 адам зардап шекті. Бұл туралы сенбі күні CTV телеарнасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға наразылық білдірушілер жиналған аймақтың заң шығару мекемесі ғимаратының алдында болды. Куәгерлердің айтуынша, жол талғамайтын ақ көлік жиналған топты басып өтіп, бірнеше адамды қағып кеткен. Кейін қатты жылдамдықпен оқиға орнынан кетіп қалған.
Полиция оны жедел ұстады. Оның неліктен бұл әрекетке барғаны анықталып жатыр. Зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетілді.
Канаданың көптеген қаласында осы демалыс күндері пандемияға байланысты енгізілген шектеулерге қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр. Олардың ең үлкені 29 қаңтарда Оттавада басталды және әлі өтіп жатыр.