26 ақп, 2021 сағат 11:16

Қамшыбек Қоңқабаев WBO титулы үшін айқас алдында салмақ өлшеді

Алматыда 27 ақпанда өтетін MTK Fight Night турниріне қатысушылардың салмағын өлшеу рәсімі өтті. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кештің басты жекпе-жегінде Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (2-0, 2 КО) бірінші ауыр салмақтағы WBO Asia Pacific чемпионы бос атағы үшін Украина өкілі Сервер Эмурлаевпен (23-1, 9 КО) жұдырықтасады. Екі қарсылас та өз санаттарының лимиті - 90,7 келіден аспады. 

Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда қазақстандықтың қарсыласы солтүстік ирландиялық боксшы Стивен Уорд (13-1, 4 КО) болуы керек еді. Бірақ ол жеке себептермен ұрыстан шығуға мәжбүр болды. 

Сондай-ақ шоу аясында рингке өзге де қазақстандық және шетелдік боксшылар шығады. Турнир 27 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады. Тікелей эфир Sporttimekz және IFL TV YouTube арналарында, сондай-ақ ESPN арналарында көрсетіледі.