30 қыр, 2019 сағат 16:51

Қалың қардан Канаданың Калгари қаласында 171 жол апаты болды

Канаданың Калгари қаласына жауған қалың қар жүздеген жол-көлік оқиғасына себеп болды, деп хабарлайды CBС.

Жергілікті полиция қызметінен мәлім еткендей, сенбі күні таңғы 6-дан жексенбі күні таңғы 10-ға дейінгі аралықта 171 жол апаты тіркелген. Олардың салдарынан 13 адам зардап шеккен.

«Калгариде қар жауған соң осындай апаттар жиі болады», - дейді полицейлер.

Апаттың ең ірісі Beddington Trail және Deerfoot Trail күре жолдарының қиылысында болған. Онда 16 көлік бір-біріне соқтығысқан.

Environment Canada-ның дерегіне сүйенсек, қаладағы жауын-шашынның жалпы мөлшері 15-25 сантиметрге жетуі мүмкін.

Окотокс, Хай Ривер, Клэрсхолм, Краунснест Пасс, Пинчер Крик, Уотертон, Кананаскис және Кенмор аудандарының тұрғындарына ауа райына байланысты ескертулер жіберілген.

Альберта провинциясының оңтүстік-батыс бөлігін де қар басқан. Дүйсенбі күні мұнда қардың қалыңдығы 1 метрге дейін жетуі ықтимал.

Аталған аудандарға бармақшы болған тұрғындарға сапарларын кейінге қалдыруға кеңес берілуде.

Калгари халықаралық әуежайы жексенбі күнгі рейстердің денін тоқтатты. Дүйсенбіде Калгаридің оңтүстігінде орналасқан мектептерде, Летбридж университетінде, Kainai Board of Education мектебінде сабақ болмайтыны жарияланды.