22 шіл, 2022 сағат 09:28

Калифорния жағалауында кит екі әйелді жұтып қойды


Калифорния жағалауында кит қайыққа мінген екі әйелді жұтып қойды. Куәгерлер түсірген видео әлеуметтік желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кадрлардан кит аузын кең ашып, екі әйел отырған қайықты жұтып қойғаны көрінеді. Бірнеше секундтан кейін теңіз алыбы адамдарды шығарып тастайды. Мүмкін олар рационына кірмейтінін түсінген болар. Киттер ұсақ балықтармен қоректенеді.

Мәлімет бойынша әйелдер зардап шекпеген, тек қорқып қалған.