#
#
Бейсенбі 06/08/2020

Қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылады - Есмағамбетова

  • 04.07.2020
  • 0
  • 346

Ертеңнен бастап қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқталады. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«COVID-19 ауруының бақылаусыз өсуіне жол бермеу және денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесін азайту мақсатында Мемлекеттік комиссия осы жылғы 5 шілдеде 00-00 сағаттан бастап 14 күндік қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы шешім қабылдады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. 

Осыған байланысты 3 шілдеде ҚР ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 44-ші қаулысы шықты. 

«Қаулыға сәйкес, өңірлер арасында әуе қатынастарының саны мен рейстер жиілігі арттырылмай сақталады. Жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау қысқартылады. Қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылады. Жолаушылардың жалпы вагондары жасақталмайды», - деді Айжан Есмағамбетова.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар