Әлем елдері қала тіршілігін денсаулыққа пайдалы етуге тырысып жатыр. «Қала адам өміріне қауіпті ме немесе қалаларды адамның гүлденуіне пайдалы қылуға бола ма?» деп жазады ВВС.
Автордың айтуынша, қазіргі таңда Глазго қаласында тұратын адамдардың жастай өліп кету қаупі басым. Бұл қалада ер адамдар Ұлыбританияның басқа қалаларымен салыстырғанда жеті жыл ерте көз жұмады. Осы күнге дейін мұндай өлімнің себебі жұмбақ болып келді.
«Зерттеу нәтижелеріне сенсек, 1950 жылдан бастап қалаларды жобалау шешімі Глазго халқының психикалық және физикалық денсаулығына кері әсер еткен, сонымен қатар халықтың кедей болуына себеп болған», дей келе автор «басқа қалалар Глазгоның қателігін қайталамауы мүмкін бе?» деп сұрайды.
«Қала тұрғындарының психикалық денсаулығының нашарлауы мәжбүрлік пе немесе қалаларды жобалау, жоспарлау мамандары қаланы адам денсаулығына пайдалы болатындай етіп жоспарлай ала ма?», деп жазады басылым.
Автордың айтуынша, зерттеу нәтижесінде қалалардағы архитектура ми құрылымын өзгертеді.