20 қыр, 2024 сағат 10:32

Қадыровтың пулеметпен жабдықталған Cybertruck көлігін Илон Маск "қашықтықтан өшіріп тастады"

Фото: Рамзан Қадыровтың Telegram-дағы арнасы

Бұл туралы Шешенстан басшысы Telegram-дағы арнасында жазды.

"Илон Масктың бұл ісі кісілікке жатпайды. Қымбат сыйлықты береді де, содан кейін оны қашықтан өшіреді", - деп жазды Қадыров.


Шешенстан басшысының айтуынша, көлік майданда "жауынгерлік міндеттерді тамаша орындаған". Алайда Маск Cybertruck көлігін қашықтан өшірген екен.

Айта кетейік, биылғы 17 тамызда Рамзан Қадыров Илон Маск төбесінде автоматы бар Cybertruck бергенін және бұл көлік Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясына жіберілетінін хабарлаған. 19 тамызда Илон Маск бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды.