04 мау, 2021 сағат 17:24

Кадрлық ауыс-түйістер: Айдос Үкібай Елбасының Кеңесшісі-Баспасөз хатшысы болды


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Кеңсесінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен:

Әділ Қапанұлы Тұрсынов ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Кеңсесі Басшысының орынбасары;

Айдос Ыдырысұлы Үкібай ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Аталған тұлғалар бұрынғы атқарған қызметтерінен босатылды.