18 қыр, 2019 сағат 12:17

Қабардин-Балқарда терроризмге қарсы режім енгізілді

Қабардин-Балқар республикасының Чегем қаласында терроризмге қарсы режім енгізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Өңірдің шұғыл штабынан мәлім еткендей, жекеменшік үйлердің бірінде діни-экстремистік топ мүшелері болуы ықтимал.

«5:00-ден бастап Чегем қаласында, оның аумағының бір бөлігінде терроризмге қарсы режім енгізілді», - деді Федералдық қауіпсіздік қызметінен.

Чегемде діни-экстремистік топ мүшелері мен олардың жәрдемшілерінің орналасқан жері туралы хабар 17 қыркүйек күні жедел-іздестіру шаралары кезінде алынған. Ал терроризмге қарсы режім бүгін таңертең енгізілді.

Агенттіктің билік өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша, қолда бар ақпаратқа сәйкес, жедел шаралар кезінде екі лаңкестің көзі жойылған.