Eurovision Junior 2021 халықаралық байқауы мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биылғы халықаралық байқауда армениялық бүлдіршін «Qami Qami» әнімен Malena топ жарды. Ал Жобаға еліміздің атынан қатысқан Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлы «Ертегі әлемі» әнімен қазылардың 64 балы мен көрермендердің балын қосқанда жалпы 121 ұпай жинап, сегізінші орын иеленді.
Байқау финалы «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көрсетілді.
Еске салсақ, Junior Eurovision балалар ән байқауының ресми сайтында көрермендердің онлайн-дауыс беруі 17 желтоқсанда басталды.
Бекнұр Жәнібекұлы мен Әлинұр Хамзин дуэті «Ертегі әлемі» әнін орындады. Олар халықаралық байқауда 10 номерімен өнер көрсетті.