24 мау, 2022 сағат 14:37

Израильдің шөл даласынан көне мешіттің іргетасы табылды


Израиль археологтері елдің оңтүстігіндегі Негев шөлінен көне мешіттің іргетасын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Мешіт іргетасы Рахат қаласындағы жаңа кварталдың құрылыс жұмыстары кезінде табылған. Көлемі шағын әрі формасы шаршы тәріздес келген. Сондай-ақ, михраб – жартылай дөңгелек ғибадат орны болған. 

Мешітке таяу жерден византия кезеңінің фермер үйі және ерте ислам кезеңінің «сән-салтанатты помещик жері» де табылған. 

Израиль мамандары бұл артефактілердің ғалымдарға аймақтың христиан дінінен Исламға қалай өткенін тереңірек түсінуге септігін тигізетінін айтады.