Фото: ашық дереккөз
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ливанда атысты тоқтату туралы келісімнің жасалғанын растады. Бітім 27 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 04:00-де (Астана уақыты бойынша 07:00) күшіне енді, деп хабарлайды Ult.kz The Times of Israel-ге сілтеме жасап.
Келісім шарттарына сәйкес, келесі 60 күн ішінде Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Ливаннан кезең-кезеңімен шығарылатын болады. Болашақта АҚШ, Франция және басқа елдер Ливан қарулы күштеріне қажетті жабдықтар мен қолдау көрсетіп, бітімнің бұзылуын болдырмау шараларын атқарады.
Нетаньяху келісімге қол жеткізудегі рөлі үшін АҚШ-қа алғысын білдіріп, Израиль өз қауіпсіздігін қорғау құқығын сақтайтынын атап өтті. Оның айтуынша, егер «Хезболла» қарулы тобы шекара маңында өз инфрақұрылымын қалпына келтіруге немесе қарулануға тырысса, Израиль әскери қимылдарды қайта бастауға дайын.