фото:vesti.az
Қатарда өткен келіссөздер барысында Израиль мен ХАМАС Газа секторына қатысты келісімге қол жеткізді. Бұл туралы The Times of Israel басылымына сілтеме жасап Ult.kz хабарлайды.
Мәліметтерге сәйкес, Газа секторында оқ атуды тоқтату туралы келісімнің бірінші кезеңінде 33 израильдік тұтқын босатылады, ал Израиль өз кезегінде палестиналық тұтқындарды босатады.
«Израиль мен ХАМАС 13 қаңтар кешінде тұтқындарды босату туралы келісімге қол жеткізді», — делінген хабарламада.
Келісімдер 19 қаңтардан күшіне енеді және үш сатыдан тұрады. Бұл келіссөздерде АҚШ, Катар және Египет кепілдік жасағаны жасағаны және бұл келісім Таяу Шығыстағы 15 айға созылған соғыстың аяқталуына жол ашуы мүмкін екені атап өтілді. Reuters агенттігінің мәліметінше, делегациялар келісімнің егжей-тегжейлерін талқылау үшін Дохада қалған.
Маңызды мәселелердің бірі — Израиль әскерінің Газадан шығарылуы. Келіссөзге мұрындық болғандар Израильден әскердің қай аймақтардан шығарылатыны көрсетілген картаны күтуде.
Еске салайық, 13 қаңтарда келіссөз жүргізуші тараптар Израиль мен ХАМАС-қа бітімгершілік пен тұтқындарды босату туралы соңғы жобаны ұсынған еді. Келіссөздерге АҚШ президенті Джо Байден мен сайланған президент Дональд Трамптың өкілдері, сондай-ақ Катар билігі қатысқан. Трамптың алдағы президенттік кезеңінде АҚШ өкілі болатын Стив Виткофф Израильдің жоғары барлау қызметкерлерімен бірлесіп, осы жобаны қабылдаған. Қатарлық өкіл тараптарға оқ атуды тоқтату және тұтқындарды босату туралы келісім мәтінін тапсырған. 14 қаңтарда жарияланған мәліметтер бойынша, Палестинаның ХАМАС қозғалысы Газа секторында оқ атуды тоқтату және тұтқындарды айырбастау туралы келісім шарттарын бірінші болып қабылдаған.