15 жел, 2021 сағат 09:41

Италияда төтенше жағдай режимі 2022 жылдың наурызына дейін ұзартылды


Италиядағы төтенше жағдай режимі 2022 жылдың 31 наурызына дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат euronews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Италияның денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца Еуроодақ елдерінен Италияға келгендер коронавирусқа байланысты тест тапсыру қажет өкімге қол қойды. Вакцина алмағандар үшін 5 күндік карантин қайта енгізіледі. 

Еуропа елдеріне кірмейтін аумақтан келушілер үшін шектеулер автоматты түрде ұзартылады. Бұл шаралар кем дегенде 31 қаңтарға дейін күшінде болады.

15 желтоқсаннан бастап міндетті екпе талаптары мектеп және полиция қызметкерлері үшін енгізілмек.