Испанияда төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі. Жұмыс уақытының мұндай үлгісіне кез-келген компания ауыса алады, деп хабарлайды Sputnik ladbible.com агенттігіне сілтеме жасап.
Демалыс күндерін көбейту туралы алғаш рет 2019 жылы айтыла бастаған. Кәсіподақтар Конгресінің зерттеуіне сәйкес, қызметкерлер аптасына бес күн емес, төрт күн жұмыс істегенде өнімділік жоғары болады.
Ал жұмыс күндерінің қысқаруы қызметкерлердің жалақысына әсер етпейді деп хабарланды. Өйткені, қызметкерлер күніне сегіз сағаттың орнына он сағат жұмыс істейтіндіктен апта соңында 40 сағаттық норма жиналады.
Басылым жұмыс аптасының қысқарту туралы жаңалыққа Жаңа Зеландия да қызығушылық танытып отырғанын атап өткен.