10 қар, 2024 сағат 11:39

Испанияда су тасқынына байланысты жаппай наразылық өтіп жатыр

Фото: AP Photo / Emilio Morenatti

Валенсияда жаппай антиүкіметтік демонстрация басталды. Мыңдаған адам көшеге шығып, аймақтық биліктің отставкаға кетуін талап етіп жатыр.

Наразылық білдірушілер билікті жойқын су тасқыны қаупі туралы ескертуді тым кеш жібергені үшін айыптап отыр. Наразылық білдірушілер мен полиция арасында қақтығыстар болды.

30 қазанда оңтүстік-шығыс Испанияның бірнеше аймағында, соның ішінде Валенсия, Кастилия-Ла-Манча және шығыс Андалусияда, толассыз жауын салдарынан жойқын су тасқындары болды. Соның салдарынан 200-ден астам адам қаза тапты, шамамен 1 900 адам хабар-ошарсыз кетті. Корольдікте үш күндік аза тұту жарияланды.