04 нау, 2021 сағат 23:40

Испания турнирі: 3 қазақстандық жартылай финалға өтті

Испанияның Костельон қаласында өтіп жатқан халықаралық Boxam турнирінде 3 қазақстандық жартылай финалға өтті, деп хабарлайды  "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

52 келідегі Махмұд Сабырхан испаниялық Молина Сальвадор Мартинді жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. 

57 келідегі Серік Теміржанов та жарысты одан әрі жалғастырады. Ол АҚШ боксшысын жеңіп, жартылай финалға өтті. 

69 келідегі Абылайхан Жүсіпов испаниялық Серхио Мартинесті жеңді. Абылайхан да финал жолдамасына таласады. 

Ал 63 келіде жұдырықтасқан Зәкір Сафиуллин ширек финалда үндістандық қарсыласына есе жіберді.