#
#
Жексенбі 09/08/2020

Ішкі істер вице-министрі елордадағы отшашуға қатысты пікір білдірді

  • 07.07.2020
  • 0
  • 382

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди елордадағы отшашуға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Егер біз бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын орындамасақ, онда Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекс бойынша бас дәрігердің қаулысын бұзғаны үшін жауапкершілік бар. Ереже бұзушылық бойынша жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі қарастырылған басты құжат – бас дәрігердің қаулысы. Қаулыда отшашу ұйымдастыруға тікелей тыйым жоқ», - деді Алексей Калайчиди.

Ол сонымен қатар отшашуды тамашалауға шектеудің де жоқтығын, оны тамашалау барысында бірде-бір адам жазаланбағанын мәлім етті. Бұған дейін Алексей Калайчиди елімізде дәрі-дәрмекті заңсыз сатуға қатысты 17 жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.

«Дәрі-дәрмекті қымбатқа сататындар Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекстің 426-бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша жеке адамдарға 70 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік нысандарға 1 000 АЕК айыппұл салынады», - деді сондай-ақ Алексей Калайчиди ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар