08 ақп, 2021 сағат 10:30

Ішкі істер министрлігі ел азаматтарын алыс жолға шықпауға шақырды

ҚР Ішкі істер министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты ел азаматтарын алыс жолға шықпауға шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бірқатар өңірде ауа райының қолайсыздығына, қалың қар жаууына байланысты еліміздің жолдарында, әсіресе қала сыртындағы тас жолдарда қауіп пайда болуы мүмкін. Мамандар жүргізушілерге осы күндері, жел тұрып, боран соғып, көктайғақ болған кезде алыс сапарға шықпауға кеңес береді. Жолда барынша абай болу қажет. Жылдамдық режимі мен арақашықтық сақтау керек. Әсіресе, балалар оқу мекемелері, қоғамдық көлік аялдамалары мен жаяу жүргішілер жолағы тұсында абай болған жөн», - ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз. 

Оның дерегінше, өткен демалыс күндері еліміздің аумағында 27 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 5 адам қаза тауып, 22 адам түрлідене жарақатын алды.