Ирандағы мұнай өңдеу зауытындағы өрт жағдайы толық бақылауда, елдегі мұнай өңдеу саласының өнімдерін шығаруда іркіліс болған жоқ. Бұл туралы ИРНА агенттігі хабарлады.
Тегерандағы мұнай өңдеу зауытында болған ірі өрт сәрсенбі кешінде басталған. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру командалары жіберілді. Оқиға орнына келген Иран мұнай министрі Бижан Зангане өрттің МӨЗ-дің екі резервуарынан мұнайдың кемуі салдарынан шыққанын мәлім етті. Ол резервуарлардың өндірістік процесте үлкен рөл ойнамағанын айтты.
Иран министрі жағдайдың қауіп тудыртып жатпағанын айтып, «әрине, резервуарларда көптеген ауыр көмірсутектер бар, олардан көп түтін шығады, бірақ түтіннің көп шығуы маңызды бірдене болғанын білдірмейді» деп қосты. Зангане МӨЗ өндірісін ертеңнен бастап қалпына келтіруі мүмкін екенін айтты.
Тегеран мұнай өңдеу зауыты – елдегі ең ірі МӨЗ бірі болып табылады, ол Иранның мұнай өңдеу қуаттылықтарының шамамен 15 пайызын қамтамасыз етуде. Зауыт бензин, дизель отынын, газойль, мазут және басқа өнімдерді өндіреді. Ол Тегеран провинциясының оңтүстік бөлігінде орналасқан.